Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

Қазақстан үкіметі Украинаға тағыда гуманитарлық көмек жіберді

Соғыстан зардап шеккен Украина азаматтарына Қазақстан кезекті рет гуманитарлық көмек жіберді. Арнайы рейс бүгін Алматы қаласынан Польшаға ұшып шыққан. Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған арнайы рейс Польшаның Катовице қаласына қонған. Бұл Украина азаматтары үшін Қазақстан Үкім еті жіберген гуманитарлық көмектің кезекті партиясы.

«Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды», -деді ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі.

Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келмек.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика