Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғарылады

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғарылады

    Фото: ҰОК

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сындағы табысты нәтижесінен кейін Әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтингінде жоғары көтерілді,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жақында Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өткен ITF W50 турнирінде жұптық сында чемпион атанған еді. Қазақстандық теннисші украиналық Валерия Страховамен бірге финалда грекиялық Марта Маттула мен америкалық Хибах Шайх жұбын 6:0, 6:4 есебімен жеңді.

    Осы жеңістен кейін Жібек Құламбаева WTA жұптық рейтингінде 21 сатыға жоғарылап, 173-орынға жайғасты. Ал оның серіктесі Валерия Страхова бес орынға көтеріліп, 102-сатыға шықты.

    Қазіргі таңда WTA жұптық рейтингінің үздік үштігінде чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және канадалық Габриэла Дабровски тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →