Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді •

    Әділет партиясының II съезінде жасампаз күштердің бірігуі талқыланды

    Астанада Әділет партиясының II съезі өтіп, жасампаз күштердің бірігуі, өңірлердің рөлі және партияның AMANAT-қа қосылуы талқыланды.

    Әділет партиясының II съезінде жасампаз күштердің бірігуі талқыланды

    Астанада Әділет партиясының II съезі өтіп, онда еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар бас қосты. Съезге Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшылары мен өңірлік кампустардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Съездің маңызды сәттерінің бірі – Жаңа адамдар қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденованың Әділет партиясының мандат комиссиясының құрамына енуі. Ол бұған дейін партияның Саяси кеңесіне кірген болатын. Мандат комиссиясы съезді ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеуге және делегаттардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Съез барысында партияның дамуы, өңірлік құрылымдарды нығайту және әділеттілік, жауапкершілік пен жасампаз патриотизм құндылықтары төңірегінде белсенді азаматтарды біріктіру мәселелері талқыланды. Өңірлердің елдің тұрақты дамуындағы рөліне ерекше назар аударылып, «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатын басшылыққа алу қажеттігі айтылды.

    Талқылау қорытындысы бойынша делегаттар «Әділет» партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы шешімді қолдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың жаңа кезеңінде барлық прогрессивті күштердің ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегінде бірігуі қажет екенін атап өткен болатын.

    Асель Баденова: «Бізге үлкен жауапкершілік артылды. Ел игілігі үшін еңбек етуге дайын адамдарды, үздік идеялар мен тиімді тәсілдерді біріктіру маңызды. Өзгерістердің жаңа кезеңі барлық деңгейде жүйелі жұмысты талап етеді», – деді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →