Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады •

    Алматы автобусында ер адам емін-еркін шылым шеккен

    Алматы автобусында ер адам емін-еркін шылым шеккен

    Фото: видеодан скрин

    Алматының қоғамдық көлігінде заң мен мәдениетті белшесінен басқан кезекті оқиға жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан автобус ішінде еш қысылмай шылым шегіп отырған ер адамды көруге болады.

    Қоғамдық орындағы мұндай бейбастық қала тұрғындарының арасында үлкен талқылау тудырды. Көпшілік жолаушылардың бұл сорақылыққа еш реакция білдірмегеніне, үнсіз қарап отырғанына қатты кейіп жатыр.

    Пікір білдірушілердің бір бөлігі «бәлкім, басына ауыр іс түскен шығар» деп ақтауға тырысса, енді бірі тәртіпсіздікке ешқандай сылтау жүрмейтінін айтуда. Қалалық қоғамдық көлік — біреудің жекежайы емес, жүздеген адам жүретін ортақ орын.

    Мұндай әрекет тек заңды бұзу ғана емес, айналадағы халықты сыйламаудың айқын көрінісі. «Қотырды жасырсаң, тырнағы түседі» демекші, мұндай бассыздыққа көз жұма қарау қоғамның дертіне айналып барады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →