Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Арыста мас жүргізуші үш адамды қағып өлтірді: мұғалімге үкім шығады 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Арыста мас жүргізуші үш адамды қағып өлтірді: мұғалімге үкім шығады 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады

    Ақмола облысында шахтада екі адам ажал құшты

    Ақмола облысында шахтада екі адам ажал құшты

    Фото: Pixabay

    Бестөбе кенішінде екі ер адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бестөбе кеніші опырылып, екі ер адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі – 38 жаста, ал екіншісі – 21 жаста болған.

    «Полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жіберілді. Шұғыл құтқару жұмыстарынан кейін марқұмдардың денелері табылып, жер бетіне шығарылды», – деп хабарлады ведомство.

    Степногор полиция бөлімі бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Бейресми дереккөздерге сүйенсек, марқұмдар компания қызметкерлері емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →