Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды Қырғызстан ЕАЭО елдеріне мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды Қырғызстан ЕАЭО елдеріне мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды

Көкшетауда бала қаққан жүргізуші жазасыз қала ма

Көкшетауда бала қаққан жүргізуші жазасыз қала ма

Фото: видеодан скрин

Желіде Көкшетау қаласында әйел адамның кішкентай баланы көлікпен қағып кеткен сәті түсірілген видео тарап, жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Оқиға 19 мамыр күні болған, бүлдіршін сол сәтте анасымен бірге тротуарда тұрған жерінен соққыға жығылған.

Ақпарат бойынша, зардап шеккен қыз бала жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Алайда халықты таңғалдырғаны бұл емес — зардап шеккен қыздың ата-анасы жүргізуші әйелге ешқандай талап қоюдан бас тартқан. Бірақ «жабулы қазан жабулы күйінде» қалмайды. Ақмола облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме беріп, әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Жүргізуші әйел қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазір әлеуметтік желі қолданушылары «әйелдер және рөл» тақырыбын қызу талқылап, пікірталас тудыруда. Бұл жағдай қоғамдағы жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мен жүргізушілердің жауапсыздығы мәселесін қайтадан бірінші орынға шығарды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →