Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады •

    «Қазақмыс» Жыланды кенішін жаңғыртып, өндіріс көлемін арттырмақ

    «Қазақмыс» Жыланды кенішін жаңғыртып, өндіріс көлемін арттырмақ

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапары аясында Жыланды кен орындары тобына барды. Мұнда инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістік қуатты арттыруға және жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға назар аударылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жыланды кенішінде компания басшысы тау-кен жұмысының барысымен және өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған жобалардың іске асырылуымен танысты. Жыланды кен орындары тобы компанияның стратегиялық өндірістік активтерінің бірі болып табылады. 2026-2029 жылдары мұнда кен өндіру көлемін жылына 3,5 млн тоннадан 5,4 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

    Кенішті дамыту аясында «Батыс Сарыоба» шахтасының -300 және -150 метр деңгейіндегі тереңдігін аршу, қазу жұмысы жалғасуда. «Итауыз» шахтасында кен қазбаларының тұрақты желдетілуін қамтамасыз ететін желдеткіш шахталардың құрылысы толық аяқталды.

    Сапар барысында Руслан Өскенәліге жаңа өндірістік инфрақұрылым нысаны – сыйымдылығы 1,4 млн текше метр болатын булану тоғаны таныстырылды. Бұл кеніш үшін аса маңызды нысан: ол өндіру үдерісі барысында пайда болатын шахталық және технологиялық суды жинап, кәдеге жаратады. Кеніштің өндіріс көлемі ұлғайған кезде мұндай инфрақұрылымсыз тұрақты жұмыс істеу мүмкін емес. Құрылыстың бірінші кезеңі толық аяқталды.

    Жұмыскерлердің еңбек жағдайына ерекше назар аударылды. Басқарма төрағасы Жыланды кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенін аралады. Руслан Өскенәлі жұмыскерлер үшін қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету – компанияның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті:
    «Күн сайын жер астында еңбек етіп, компанияның өндірістік нәтижесіне үлес қосып жүрген адамдар қауіпсіз әрі лайықты жағдайда жұмыс істеуі тиіс. Бұл – компанияның берік ұстанымы және біздің тікелей жауапкершілігіміз».

    Сапар қорытындысында тұрмыстық инфрақұрылымды және жұмыскерлердің еңбек жағдайын одан әрі жақсарту жөнінде тапсырма берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →