Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Арыста мас жүргізуші үш адамды қағып өлтірді: мұғалімге үкім шығады 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Арыста мас жүргізуші үш адамды қағып өлтірді: мұғалімге үкім шығады 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады

    159 құты: Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде бойжеткен есірткімен ұсталды

    159 құты: Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде бойжеткен есірткімен ұсталды

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 28 жастағы әйел адамды ұстады. Көпқабатты үйдің ауласында одан Тропикамид психотроптық препаратының 159 құтысы тәркіленді.

    Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Атырау облысы полиция департаменті психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →