Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады •

    «Ұлты басқа, кәрілеу»: Толқын Забирова көпшілікке күйеуі туралы айтты (ВИДЕО)

    «Ұлты басқа, кәрілеу»: Толқын Забирова көпшілікке күйеуі туралы айтты (ВИДЕО)
    Фото: stan.kz
    Әнші Толқын Забирова күйеуінің қазақ өнеріне сіңірген еңбегі туралы айтты. Өнер иесі “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында жолдасы туралы көп қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    ”Менің жолдасым қазақ өнеріне еңбек етіп жүргенімен, өзін көрсеткісі, насихаттағысы келмейді. Болмысы, табиғаты сондай. Қолынан іс келеді. Бірақ өзін жариялағысы келмейді. Ұлты қазақ болмағанымен, жаны да, тәні де қазақ. Қазақ өнеріне еңбек сіңіріп, жүрегі қазақ деп соққан азаматтың бірегейі. Өзі Жамбылда туып-өскен. 1,5 жастан әке-шешесінен айырылып, балалар үйінде өскен. Өзін сүйреп, өмір бақи әкесі, шешесі не әпкесі болмай, өзін қамшылап, осындай деңгейге жеткен. Ермек ағамыздан, Роза Бағланова апамыздан бастап, сондай үлкен өнер майталмандарымен бірге еңбектенген. Соларды үлкен сахнаға шығарған, гастрольдік, концерттік бағдарламаларды дайындаған. Көптеген өнер адамдарын менің жолдасым сахнаға шығарған. Қазақконцерттің гастрольдік концерттік бағдарламаларымен 35 жыл айналысқан. Шоу-бизнестің тасын қалаған, кірпішін салып кеткен — менің жолдасым. Кейбір кезде “қазақ емес” дегендерге менің балаларым қазақ жерінде туып-өсті ме, төлқұжаттары да қазақ деп жазылады”, — дейді ол.

    Сондай-ақ, өнер иесі ана атанар сәтте көптеген ұсыныстар түскенін де жасырмады.

    ”Мен балаларымды босанатын кезде “Америкаға, Германияға, Францияға барып тусаңызшы” деген көптеген ұсыныстар түсті. Ондай мүмкіндік болды. Бірақ, “Менің елім, жерім, кіндік қаным тамған жерім, ата-бабаларымның жері — қазақ жері. Балаларым да осы жерде туылады. Кейін қай жерде тұрғысы келетінін өздері шешеді” дедім”, — дейді Толқын Забирова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →