Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды •

    «Дала Қырандары» Қызылордада ауқымды спорттық акция ұйымдастырды

    «Дала Қырандары» Қызылордада ауқымды спорттық акция ұйымдастырды

    Фото: видеодан скрин
    Қызылордада «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ауқымды #Жаттығу акциясы өтті. Іс-шара бір мезетте Қызылорда қаласында және Қазақстанның 30 өңірінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды ұйымның өңірлік штабы. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Акция аясында ұйымдастырушылар қаладағы жаттығу алаңына спортшылар мен бапкерлерді арнайы шақырып, балалармен бірге ашық форматта спорттық жаттығулар өткізген. Қатысушылар түрлі ойындарға қатысып, кәсіби спортшылардың ақыл-кеңесін тыңдап, пайдалы тәжірибе алған.

    Ұйым өкілдерінің айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және аула спорты мәдениетін дамыту.

    «Бізге бекітілген жаттығу алаңына қаламыздың спортшы-бапкерлерін арнайы қонақ ретінде шақырып, алаңдағы бүлдіршін балалармен бірге спорттық жаттығулар өткіздік. Балалар кәсіби спортшылармен бірге түрлі ойындарға қатысып, олардың ақыл-кеңесін тыңдап, пайдалы тәжірибе алды», – деп жазды ұйым өкілдері.

    «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Қазақстанның бірнеше қаласында жұмыс істейді. Ұйым жастарды қоғамдық өмірге тарту, патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі әлеуметтік акциялар өткізіп келеді.  

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →