Видеодан алынған кадр
Маңғыстау облысында Ыбықты Сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған QazaqToday.info.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері шатқал аумағындағы тастарға ер адамның өз аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткенін анықтады.
Аталған құқық бұзушылықты жасаған Маңғыстау облысының 21 жастағы тұрғыны екендігін полиция қызметкерлері анықтады.
Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті сот үкімімен 25 тәулікке қамауға алынды. Полиция табиғи, тарихи-мәдени мұра нысандарына және ескерткіштерге жазу жазуға немесе сурет салуға болмайтынын ескертеді. Мұндай заңсыз әрекеттерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
