Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Жаңбыр жауса – автобус бататын қала: Атыраудағы жол кімге керек?

    Жаңбыр жауса – автобус бататын қала: Атыраудағы жол кімге керек?

    Фото: видеодан скрин

    Атырауда нөсерден кейін жолаушылар автобусы батпаққа батып, қозғалысын жалғастыра алмады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оқиға Лесхоз ықшамауданында болған. Жол шайылып, қоғамдық көлік лайға тұрып қалғаны видеодан анық көрінеді.

    Бұл – бір күндік мәселе емес, қаладағы инфрақұрылымның жүйелі әлсіздігін көрсететін жағдай. Жаңбыр жауса болды, жол жүруге жарамсыз күйге түседі деген тұрғындар шағымы жиілеп барады.

    Әкімдік бұл жағдайға реакция беріп, жауапты қызметтерге аумақты құрғатып, автобусты шығару тапсырылғанын мәлімдеді.

    Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда мәселе уақытша шешіммен шектелмей, жол сапасына қатысты нақты жауапкершілік қаралуы керек деген пікір бар. Себебі әр жауыннан кейін қайталанатын көрініс – қалыпты жағдайға айналып барады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →