Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Салық жүйесі «шатасты»: мыңдаған кәсіпкер қарызға ілініп, вице-министр қателікті мойындады

    Салық жүйесі «шатасты»: мыңдаған кәсіпкер қарызға ілініп, вице-министр қателікті мойындады

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстанда жаңа салық жүйесін енгізу кезінде техникалық ақау болып, бұрынғы берешегі бар кәсіпкерлердің барлығы автоматты түрде «қарызгер» ретінде тіркелген.

    Бұл туралы Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жүйе талап қою мерзімі аясында өткен кезеңдегі берешектерді де қамтып кеткен. Нәтижесінде көптеген бизнес өкілдері күтпеген жерден қарыз тізіміне ілінген.

    Вице-министр бұл жерде әдістемелік және техникалық қателік кеткенін ашық айтты. Алайда мәселе бір тәулік ішінде толық шешілгенін жеткізді. Қаржы министрлігі болған жағдай үшін кәсіпкерлерден кешірім сұраған.

    Біржанов жаңа жүйе бұрынғыдай «тұрып қалмайтынын», керісінше қуаттылығы артқанын атап өтті. Дегенмен, дәл осы жаңарту бизнеске уақытша қолайсыздық тудырған. Енді барлық өзгеріс вице-министрлер деңгейінде келісіліп барып енгізіледі. Министрлік мұндай жағдай енді қайталанбайды деп сендірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →