Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пол Маккартни әлемнің ең бай музыканттары рейтингінде үшінші орында • Ырысбала Икрамбай өсек таратқандарға жауап берді • Жазира Байырбекова банктегі ақшаға қатысты қауесетті әзілмен сөз етті • Толқын Тұрарбекқызы қызы Кәусардың алдағы диспорт екпесі туралы айтты • Нұртас Адамбайдың жұбайы психолог Торебек Бекбаевтың ілімін «секта» деп атады • Семейлік 60 жастағы экс-мұғалім түнде автобус жуып, TikTok-та танымал болды • Пол Маккартни әлемнің ең бай музыканттары рейтингінде үшінші орында • Ырысбала Икрамбай өсек таратқандарға жауап берді • Жазира Байырбекова банктегі ақшаға қатысты қауесетті әзілмен сөз етті • Толқын Тұрарбекқызы қызы Кәусардың алдағы диспорт екпесі туралы айтты • Нұртас Адамбайдың жұбайы психолог Торебек Бекбаевтың ілімін «секта» деп атады • Семейлік 60 жастағы экс-мұғалім түнде автобус жуып, TikTok-та танымал болды •

    Атырауда полицейді ұрғандарға жеңіл жаза берілген: Прокуратура араласты

    Атырау облысында полицейді таспен ұрып, ауыр жарақат салған бір топ адамға қатысты сот үкімі қайта қаралды. Бас прокуратура жеңіл жазаны өзгертіп, оларды түрмеге қаматты.

    Атырауда полицейді ұрғандарға жеңіл жаза берілген: Прокуратура араласты
    file_768.jpg

    Атырау облысында қызмет бабындағы полицейді соққыға жыққан бір топ адамға қатысты шыққан жеңіл үкім қайта қаралды. Бас прокуратураның араласуынан кейін сотталушылар нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тергеу мәліметінше, мас күйде болған құқық бұзушылар полиция қызметкеріне шабуылдап, оны таспен және ағаш затпен ұрған.

    Соққы салдарынан тәртіп сақшысы ауыр жарақат алып, оның жақ сүйегі мен көз ұяшығы сынған.

    Дегенмен, алғашқы сот инстанциясы айыптыларға тек бас бостандығын шектеу жазасын кескен еді.

    Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп есептеп, үкімге кассациялық наразылық келтірді. Нәтижесінде кінәлі деп танылғандар нақты мерзімге түрмеге тоғытылды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →