Ырысбала Икрамбай өсек таратқандарға жауап берді
Блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап беріп, өсек таратқандарға қатысты пікірін білдірді. Ол өзінің ары таза екенін айтты.
Сурет: sn.kz
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап қайтарды. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында өзі туралы тараған өсек-аяңға қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Мен туралы өсекті өзімнен естіңіздер», – деп жазды ол. Блогердің айтуынша, оның Құдай алдында ары таза.
«МЕН ТУРАЛЫ ӨТІРІК,ӨСЕК АЙТЫП АТАҚ ЖИНАҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР — БІЛГЕН БОҚТАРЫҢДЫ ЖЕҢДЕР! Маған бәрібір. Ақтығыңды Алла білсе болды емес пе,ақталма деген позиция да қаламын! Мен туралы өсекті өзімнен естіңіздер. Сен міндет қылып қайырымдылықпен айналыспай-ақ қойшы деп едіңіздер,жақсы мен қойдым. Кәне қайсысы қолға алғандары ? Өз қолынан таста келмейді,өз өмірінде түкте бітірмейді бірақ біреуге ақыл айтып,біреуді түзеп,біреуге бөгет болу наданның ісі….», – деп жазды ол.
