Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    Жезқазған суға кетті, ал қалада нөсер кәрізі мүлде жоқ! Әкімдік неге жылдар бойы үндемеді?

    Жезқазған суға кетті, ал қалада нөсер кәрізі мүлде жоқ! Әкімдік неге жылдар бойы үндемеді?

    Фото: видеодан скрин

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Жезқазған көшелерін су басқан бейнежазба тараған еді. Күн күрт жылынған соң, еріген қар суы жолдарды көлге айналдырды. Көліктер үлкен шалшықты кешіп, жаяу жүргіншілер жолдан өте алмай әлек болды.

    Қала тұрғындары орынды сұрақ қойды: «Бізде нөсер кәрізі бар ма, жоқ па?»

    Әкімдік жауабы көпшілікті таңғалдырды. Белгілі болғандай, Жезқазғанда орталықтандырылған нөсер кәріз жүйесі іс жүзінде жоқ. Қалада бар болғаны 8 бөлек учаске ғана орнатылған, оның өзінде солардың жартысы ғана жұмыс істейді.

    Мұндай инфрақұрылыммен ХХІ ғасырда қалай өмір сүріп отырмыз? Қарапайым жауын-шашын мен қар ерісе болды, көшелер суға толады. Ал жауапты мекемелердің айтуынша, жүйені орнатумен қалалық жол басқармасы айналысқан, ал тазалауды жол қызметкерлері жүргізеді. Тіпті еріген қар суын сорғызу үшін жеке ассенизаторлық көліктер тартылатыны айтылды.

    Сонда қала бюджетінен бөлінген қаражат қайда кетті? Неліктен өндірісті аймақ саналатын Жезқазғанда қарапайым нөсер кәріз жүйесі толық шешілмеген? Әкімдік бұл мәселені неге алдын ала жоспарламаған? Жыл сайын қайталанатын жағдайға дайын болмау — басқару жүйесіндегі салғырттықтың белгісі емес пе?

    Қала халқы нақты шешім күтеді. Себебі бұл жай ғана шалшық емес — бұл қауіпсіздік мәселесі, бұл санитарлық жағдай, бұл тұрғындардың күнделікті өмір сапасы.

    Видео: etozhez

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →