Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    «Лайықты темір тұлпар таңда»: Димаш Олимпиада чемпионына көлік сыйлайды

    Әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді. Спортшы Димаштың әніне өнер көрсетіп, алтын жеңіп алған.

    «Лайықты темір тұлпар таңда»: Димаш Олимпиада чемпионына көлік сыйлайды
    file_478.jpg

    Әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа темір тұлпар сыйлайтынын мәлімдеді. Спортшы Димаштың «Confessa, the Diva Dance» композициясына өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алған болатын, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Димаш бұл жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті. Ол спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, «Астана Моторс» компаниясынан «лайықты темір тұлпарды» таңдап алуға шақырды.

    «Миша, сені Олимпиада чемпионы атануыңмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тарихи сәт. Енді «Астана Моторс» компаниясына келіп, өзіңе лайықты темір тұлпарды таңдап ал», — деп жазды әнші.

    Михаил Шайдоров екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Бұл – Қазақстанның жаңа ұлттық рекорды. Осылайша, ол Сочи Олимпиадасында Денис Тен орнатқан рекордты жаңартты.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →