Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    «Дала Қырандары» жастар тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік мәселелерін талқылайтын алаңға айналмақ

    «Дала Қырандары» жастар тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік мәселелерін талқылайтын алаңға айналмақ

    2026 жылғы 4 ақпанда «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің штабында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары — Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлымен кездесу өтті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Іс-шараға сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланының Жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы, полковник Мұхамедов Нұрлан Санжарұлы және Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Әбішев Сәтжан Еркенұлы қатысты.

    Кездесу жастарды азаматтық және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті дамыту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Іс-шара жастар белсенділері мен қоғамдық сектор өкілдерінің қатысуымен ашық диалог форматында өтті.

    Кездесу барысында Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы қырандарға алғысын білдірді:
    «Дала Қырандарына алғысымды білдіріп, толағай табыс пен өркендеу тілеймін. Бір-бірімізді жақыннан танып-білуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын».

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жастар саясаты, тәрбие және құқық бұзушылықтардың алдын алу салаларында одан әрі диалог орнатып, бірлескен бастамаларды дамытуға қызығушылық танытты.

    «Дала Қырандары» штабы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру және өзекті қоғамдық мәселелерді талқылау үшін ашық алаң болып қала береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →