Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Фото: gov.kz

    Наурыз айында екі бірдей мереке атап өтілетіндіктен, қазақстандықтарға бірнеше қосымша демалыс күні беріледі. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Көктемнің алғашқы аптасына түсіп тұрған мереке – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.

    Тиісінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 7 наурыздан 9 наурызға дейін, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады. 10 наурыз, сейсенбі – жұмыс күні.

    Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылады.

    Яғни, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 21-25 наурыз аралығында демалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →