Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты

    Димаш Құдайберген Халықаралық мигранттар күніне арналған құттықтауын жолдады (ВИДЕО)

    Димаш Құдайберген Халықаралық мигранттар күніне арналған құттықтауын жолдады (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    18 желтоқсанда, Халықаралық мигранттар күніне орай, БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі – Халықаралық көші-қон ұйымының Жаһандық елшісі Димаш Құдайберген әлемдік қауымдастыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Бүгін, жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтетін Халықаралық мигранттар күніне орай, БҰҰ Көші-қон агенттігінің Жаһандық ізгілік елшісі ретінде өз тарихыммен бөлісу мен үшін зор мәртебе.

    Менің тарихым Қазақстаннан бастау алады. Музыка өмірімнің өзегіне айналып, кәсіби жолымның ажырамас бөлігі болды. Әлемнің түрлі елдеріне сапар шеге жүріп, мен бір нәрсеге көз жеткіздім: жаңа елге қоныс аударған әрбір адам өзімен бірге мәдениеті мен дәстүрін бірге ала жүріп, соның арқасында әлем одан әрі байи түседі екен.

    Миграция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Адамдар өздерімен бірге өз идеяларын, білім мен шығармашылық әлеуетін ала жүріп, даму кеңістігін қалыптастырады және оларды ерекше ететін құндылықтарымен бөліседі. Осылайша біздің ортақ мәдени болашағымыздың іргесі қаланады.

    Мен көптеген елдердің сахнасында өнер көрсеткен сайын, залда әлемнің сан-алуан өңірінен жиналған көрермендерді көріп, олардың тағдырларының тоғысқанын сезінемін. Музыка бізді біріктіреді, алайда осы бірліктің ар жағында жарық пен үмітке толы адамзаттық ғұмыр жолдары жатыр.

    Бүгін, Халықаралық мигранттар күні, осы атаулы күнге орай менің айтпағым:
 әрбір тағдыр – үлкен хикая. The Great Story.

    Өз үйінің жылуын жүрегінде сақтап, оны әлеммен бөлісіп жүрген барлық жанға алғыс айтамын».

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от IOM — UN Migration (@unmigration)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →