Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды? Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды?

    «Бір реттік неке қию»: ҚМДБ даулы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

    «Бір реттік неке қию»: ҚМДБ даулы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған орай мәлімдеме жасады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттің шыға берісіндегі есік алдында қызға орынсыз сөз айтқан ер адамның ісін айыптады. Бұл – мұсылмандыққа жат қылық. Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы екенін атап өтті.

    «Мешітке келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.

    ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

    Айта кетейік, Ақтөбе тұрғыны орталық мешітке барып, есік алдында өзін бөгеп тұрған ер адам туралы жазды. Ол қызға «бір реттік неке» ұсынады. Кейін бұл оқиға көпшілік арасында кең тарап, талқыға түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →