Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды •

    Павлодарлық келіншек балаларын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен

    Павлодарлық келіншек балаларын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен

    Фото: Pixabay

    Оқиға уақытында пәтерде әйел мен балаларынан басқа ешкім болмағаны анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жедел жәрдем қызметі сағат 13:06 шамасында оқиға орнына барып, екі баланы ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жеткізген. 5-қабаттан балаларын лақтырған, артында өзі де секіріп кеткен әйелдің жағдайы ауыр.

    Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мамандары оқиға орнына жедел жеткен.

    – Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел 5-қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен. Бірінші санаттағы шұғыл әрекетпен үш жедел жәрдем бригадасы жолданды, – делінген мәлімдемеде.

    Әйелдің мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. Ол қазір Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген.

    Павлодар облыстық бала құқығы жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенованың айтуынша, зардап шеккен балалар 1,5 және 5 жаста.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →