Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді

    «Теңізшевройлға» 639,6 млн теңге айыппұл салынды

    «Теңізшевройлға» 639,6 млн теңге айыппұл салынды

    Фото: tengizchevroil.com

    Атырау облысында атмосфералық ауаны ластау деректері бойынша «ТШО» ЖШС-ға қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Табиғат қорғау прокурорлары экологиялық қауіпсіздікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, атмосфералық ауаның ластануына байланысты бірқатар өрескел заң бұзушылықты анықтады.

    Талдау қорытындысы бойынша, «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсандарында, сондай-ақ 2024 жылдың алғашқы жартысында экологиялық нормативтерден тыс 49,3 тонна зиянды затты ауаға шығарған.

    Соның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға ешқандай экологиялық рұқсатсыз тасталған.

    Бұл заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына қайшы келеді.

    Анықталған құқықбұзушылықтарға байланысты, прокурордың қаулысы негізінде «ТШО» ЖШС-ға әкімшілік іс қозғалды.

    Сот шешімімен компанияға 639,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді.

    Прокуратура өкілдерінің айтуынша, атмосфералық ауаның ластануы Атырау облысындағы аса өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Осыған байланысты қадағалау жұмысы ұдайы және жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →