Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды •

    Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін қоғамдық орында бауыздап кеткен

    Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін қоғамдық орында бауыздап кеткен

    Фото: AstanaTV

    Әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен видеоны таспалағандар да жастар екені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы AstanaTV арнасына сілтеме жасап. 

    Жантүршігерлік оқиға жасөспірімдердің көз алдында болған. Бейнежазбадан ер адамның жерде жатқан адамға бірнеше мәрте пышақ сұғып алғанын байқау қиын емес.

    Полиция орны толмас оқиғаның ер адамдар арасындағы жанжал кезінде жасалғанын хабарлады. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    – Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық негізде, ер адамдар арасындағы жанжал кезінде жасалғаны анықталды, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Ең өкініштісі, бұл қорқынышты оқиғаның негізгі куәгерлері жасөспірімдер екені айтылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →