Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған

    Перизат Қайрат ісі: танымал блогер 83,5 млн теңгеге алданғанын айтты

    Перизат Қайрат ісі: танымал блогер 83,5 млн теңгеге алданғанын айтты

    Видеодан скрин: телеканал KTK

    Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты 3,5 млрд теңге көлемінде қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқыру дерегі бойынша өтіп жатқан сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазір іс куәгерлерінен жауап алынып жатыр. Сотта аталған іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған блогер Олжас Садық куәлік берді. Ол Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін қомақты көлемде қайырымдылық қаражатын жинағандардың бірі болған.

    Оның айтуынша, қаражат жинау 2023 жылдың қазан айының соңында басталған. Ол досы, блогер Нәзім Мисановпен бірге Instagram желісінде видео жариялаған. Видео миллиондаған қаралым жинап, Садықтың жеке банк шотына 83,5 миллион теңге көлемінде қайырымдылық қаражаты түскен.

    Бастапқыда ол жиналған қаражатты ЮНИСЕФ арқылы жіберуді жоспарлаған. Алайда, көп ұзамай онымен Перизат Қайрат байланысқа шығып, қор жұмысы туралы айтып, гуманитарлық миссия сәтінің фотоларын көрсеткен және Қазақстандағы Палестина елшілігімен келісімшарт негізінде жұмыс істейтінін жеткізген. Осы дәлелден кейін Олжас Садық Перизат Қайратқа сенім артқан.

    Қаражатты аударғаннан кейін, ол Перизат Қайратпен бірге Абу-Дабиге ұшып барған. Куәгердің айтуынша, ұшу, тұру және тамақ шығынын айыпталушы өзі төлеген.
    Қазақстанға оралғаннан кейін жәбірленуші бірнеше рет көмек көрсеткенін растайтын құжат сұраған. Алайда, оның айтуынша, Перизат Қайрат байланысқа шықпай қойған.

    Сотта Олжас Садық гуманитарлық миссияны аяқтау үшін қайтадан ЮНИСЕФ-ке жүгінетінін де мәлім етті.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →