Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды •

    Алматы тау кластерін дамыту бойынша ауқымды жоба басталады

    Алматы тау кластерін дамыту бойынша ауқымды жоба басталады

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі баспасөз конференциясында Алматы тау кластерін ауқымды дамыту жоспары бар екенін атап өтті. Жоба бірнеше бағытты қамтиды: қолданыстағы курорттарды кеңейту және жаңа туристік аймақтарды дамыту, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Алматының таулары — біздің зор байлығымыз әрі ұлттық қазынамыз. Мұндай әсем табиғат, мұндай қар жамылған таулар әлемде санаулы ғана. Бұл әлеуетті пайдаланбау — орынсыз ысырап болар еді. Сондықтан біз Алматы тау кластерін дамытуға кірісеміз. Қазіргі таңда бізде тек Шымбұлақта ғана жоғары деңгейдегі инфрақұрылым бар, алайда оның трассаларының ұзындығы шектеулі, бұл өз кезегінде туристерді қабылдау мүмкіндігін де шектейді», — деді Олжас Бектенов.

    Фото: Үкімет

    Оның айтуынша, Алматы тау кластерін кеңейтуге арналған ірі бағдарлама қабылданған. Бұл жоба Талғар жағына қарай бастау алады — Ой-Қарағай, Бутаковка, Пионер шатқалы, Кімасар, әрі қарай Шымбұлақтың дамуы және Қаскелең бағытына қарай кеңеюі жоспарланған.

    Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған соқпақтар, аспалы жолдар мен сервистік нысандарды қамтитын заманауи тау шаңғысы және туристік инфрақұрылымды салу көзделіп отыр.

    Премьер-министрдің мәлімдеуінше, Көк-Жайлау шатқалында заманауи тау шаңғысы инфрақұрылымының құрылысы биыл басталады. Жоба ашық әрі жария түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына ерекше көңіл бөлінеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →