Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды

    Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды

    Алматыда полиция қызметкерлері балалар мінген автобусты мас күйде тізгіндеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Todayinfo-ға сілтеме жасап

    Полицияның мәліметінше заңбұзушылық бүгін әл-Фараби даңғылында Алматы облысындағы лагерьге балаларды тасымалдап бара жатқан шағын автобустарды рейдтік тексеру кезінде анықталған.

    «Балалар отырған көлікті басқарған жүргізушілердің бірінде алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Наркологиялық сараптаманың нәтижесі ағзада алкоголь барын растады», — деп жазылған хабарламада.

    Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті, автобус мамандандырылған айып тұрағына орналастырылды, материалдар заң аясында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

    «Балаларды тасымалдау — бұл ерекше жауапкершілікті қажет ететін сала. Мас жүргізушінің көлік құралын басқаруы — кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай деректердің қатаң түрде жолы кесіледі», — деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

    Сонымен қатар Алматы полициясы балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керектігін еске салды. Соның ішінде жолға шығар алдында жүргізушілерді, автобустардың техникалық жағдайын тексеріп, бағдарды сақтау қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →