Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды

    Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасына қол қойды

    Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасына қол қойды

    Мұндай шешім Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы аясында жүзеге асып отыр.  Жол картасында инженерлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу, EPC-шарт жасасу және жобалық құжаттаманы әзірлеу көзделген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Осылайша, ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асыру мәселесі бойынша кездесу өткізіп, стратегиялық жобаның жай-жапсарын талқылады.

    Онда «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС («ҚАЭС») мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының инжинирингтік компаниясы – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында Алматы облысының Жамбыл ауданында жобаны іске асыруға байланысты ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарын айқындайтын негіздемелік келісімге қол қойған.

    Бұл стратегиялық жоба бейбіт мақсаттағы атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады. Тараптар бұл жобаның еліміз үшін стратегиялық маңыздылығын және оны жедел іске асыру қажеттігін ерекше атап өтті.

    – Қазақстанда атом электр станциясын салатын халықаралық консорциумды басқару құқығын сеніп тапсырғаны үшін Қазақстан тарапына алғысымызды білдіреміз. Қазақстан – атом саласындағы біздің сенімді тарихи серіктесіміз. Сенімділігі, қауіпсіздігі және тиімділігі дәлелденген ресейлік ядролық технологиялар Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, елдің энергетикалық егемендігін нығайтады деп сенеміз, – дейді «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв.

    ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев болса, Қазақстанда атом станциясын салу еліміздің энергетикасын орнықты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді стратегияның бірі екеніне тоқталды. Ол қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және өндірісті жергіліктендіруді қамтамасыз ету үшін серіктестермен тығыз әрі ашық ынтымақтастыққа сенім артатынын да атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →