Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Еңбек министрі өзінің қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты

    Еңбек министрі өзінің қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты
    ФОТО: KURSIV.KZ

    Сенат кулуарында журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповадан дәл қазір зейнетке шықса қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    — Мен 3 түрлі төлем алар едім. Өйткені жұмыс өтілім 1998 жылдан бұрын басталған. 16 жастан бастап, 10-сыныптан кейін жұмыс істедім. Сәйкесінше менде БЖЗҚ-да жинақталған ақша мен базалық зейнетақы бар, — деді ведомство басшысы.

    Министр бұл төлемнің ақшаға шаққандағы сомасы қанша болатынын есептеп көрмегенін айтты.

    — Сомасын есептеп көрмеппін. Бірақ бәрінікі сияқты болады. Дәл бүгін зейнетке шықсам, базалық зейнетақым минималды болар еді — 32 мың теңгенің шамасында. Ал базалық зейнетақының орташа мөлшері 47 мың теңге, — деді Светлана Жақыпова.

    Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамтуға бөлінген 70 млрд теңге бюджетке кері қайтаруды жоспарлап отырғанын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →