Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    «Жаңа өмір деп пост салған»: ұшақ апатынан бір отбасы түгел мерт болды

    «Жаңа өмір деп пост салған»: ұшақ апатынан бір отбасы түгел мерт болды
    Фото: X/@theskindoctor13

    Үндістанда болған жантүршігерлік әуе апатынан бір отбасы түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ұлыбританияда дәрігер болып істейтін Пратик Жошы мен әйелі Коми Вьяс және олардың 3 баласы опат болды. Пратик Жошы алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеген. Ол Үндістанда қалған әйелі, дәрігер Коми Вьясты балаларымен бірге Ұлыбританияға көшіріп алып кетпек болып еліне оралған екен.

    Олар да 241 адамның өмірін жалмаған апатқа ұшыраған ұшақта отырған. Олар соңғы рет бірге фотоға түсіп, оны туыстарына жіберген. Сонымен қатар,  «Жаңа өмір» деп пост салған екен.

    Еске салайық, 12 маусымда Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін 30 секунд өткен соң апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 242 адам болған, олардың қатарында 169 Үндістан азаматы, 53 британдық, 7 португалиялық және 1 канадалық азамат болған. Олардың арасында 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш қана тірі қалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →