Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    Ақтауда екі оқушы суға кетіп, біреуі қайтыс болды

    Ақтауда екі оқушы суға кетіп, біреуі қайтыс болды

    Ақтаудың 9А ықшамауданында қайғылы оқиға болды, суға тұншығып қалған екі жасөспірімнің біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    Маңғыстау облыстық ТЖД дерегінше, оқиға 9 маусым күні сағат 17:40 шамасында қаладағы «I Love Aktau» шағын сәулет нысанының жанында болған. 2011 жылы туған екі мектеп оқушысы суға бата бастаған. Оларды куәгерлер алып шыққан.

    Құтқарушылардың мәліметінше, балалар рұқсат етілмеген жерде шомылған.

    «Бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

    12 құтқарушы маман, 5 арнайы техника, 1 жүзу құралы, 2 жедел жәрдем бригадасы, 12 полиция қызметкері, 6 патрульдік көлік жіберілген.

    ТЖД өкілдері ата-аналар мен тұрғындарды балаларды қараусыз қалдырмауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес берді. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты кепілі екенін еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →