Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады •

    Ақтөбеде 1 мың гектардан аса егіс алқабын киік таптаған

    Ақтөбеде 1 мың гектардан аса егіс алқабын киік таптаған

    Ақтөбеде 395 гектар бидай, 746 гектар көпжылдық еркекшөп алқабы тапталған. Қазір шаруаның егіс алқабында күзет бар, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы «Құмқұдық» ЖШС-і жергілікті әкімдікке хабарды 4 мамыр күн берді. Ал кеше комиссия барып, егіс алқабын тексерді.

    «Тексеру кезінде 395 га бидай, 746 га көпжылдық еркекшөп алқабының тапталғаны анықталды. Қазіргі кезде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК облыстық филиал қызметкерлері киікті үркіту жұмысын жүргізіп жатыр. Мұндай жағдай соңғы 2-3 жылдықта байқалып тұр. 2023 жылы облыс бойынша 16 мың га жерді киік таптап кетті. Ал жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары киік санын реттеу, шығынды өтеу туралы ұсыныс айтып келеді.

    Облыс әкімдігі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, ҚР Ауыл шаруашылығына министрлігіне ұсынысты қарау туралы ресми хат жіберілді. Сонымен бірге жергілікті атқарушы орган Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірге егіс алқабын қорғау үшін жұмыс тобын құрды», — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →