Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды

    «Құттықтауда қазақша қаріптерді қолданбаған»: Halyk Bank-тің басы дауға қалды (ФОТО)

    «Құттықтауда қазақша қаріптерді қолданбаған»: Halyk Bank-тің басы дауға қалды (ФОТО)
    Фото: afk.kz

    Танымал банк мерекемен құттықтаймын деп басы дауға қалды Халық банк қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтаймын деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сәйкес, банк 1 мамыр – Бірлік күнімен құттықтау таратқан. Алайда құттықтау қазақ тілінде жазылғанымен, қазақша қаріптер қолданылмаған. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Әлеуметтік желі беттерінде құттықтаудың скрині таралды.

    «Курметті достар, сіздерді 1 мамыр – Казакстан халкынын бірлігі кунімен куттыктаймыз! Бул мереке бізге басты кундылыктарды – достыкты, озара сыйластыкты жэне бірлікті еске салады. Біз еліміздін, коп ултты халкын мактан тутамыз, мунда арбір адам тіліне, медениетіне, дініне карамастан бір улкен отбасынын бір белігі!», — делінген.

    «Тіл кеспек жоқ» Instagram-арнасындағы жазбаның астына Халық банк кешірім сұрап, пікір қалдырды.

    «Halyk Bank атынан мемлекеттік тіліміздегі мәтінде кеткен қателік үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Қазақ тілі – мәдениетіміздің, тарихымыздың және ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұл біз үшін жауапкершілік қана емес, жүректен шыққан саналы таңдау. Сондықтан біз әрбір сөздің дәлдігі мен маңыздылығына айрықша мән береміз. Бұл жағдайда мәтінді көшіру кезінде техникалық қате және адамдық фактор рөл атқарған болуы мүмкін. Біз командамызға сенеміз және олардың әрбір материалға ерекше ұқыптылықпен қарайтынын жақсы білеміз. Дегенмен, өкінішке қарай, осы жолы маңызды жайт назардан тыс қалды», — деді банк.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Тіл кеспек жоқ (@tilkespekjoq)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →