Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Айтты – орындады, нағыз азамат екен»: Скриптонит игі іс жасап, жанкүйерлерінің ықыласына бөленді

    «Айтты – орындады, нағыз азамат екен»: Скриптонит игі іс жасап, жанкүйерлерінің ықыласына бөленді

    Танымал экоблогер Алексей Сибирский жеке парақшасында әнші Скриптонитке алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Экобелсендінің сөзінше, өнер иесі 51 мың ағаш егуге көмектескен.

    «Үш жыл бұрын Якутияда ормандар өртенді. Өзім де осы тақырыпта жазған едім. Скриптонит оны көріп, менің жазғанымды бөлісті. Соның арқасында маған біраз адам жазылды. Ал өткен жылы Абай ауданында қатты өрт болып, Скриптониттің жазылушылары Абай ауданындағы ормандарды қалпына келтіруді сұрап хат жазды. Егер Скриптониттің көмегі болмағанда мен мұны жасай алмаушы едім. Онсыз мың ағаш егу мүмкін емес еді”, – деп жазды экобелсенді.

    Желі қолданушылары өнер иесінің игі ісіне қолдау білдіріп, алғыстарын айтты.

    “Скриптонит – мықты жігіт”, “Әрбір адамның жер бетінде миссиясы бар”, “Имидж ештеңені шешпейді, ең бастысы – адам болу”, “Әншінің еңбегіне құрмет”, “Скриптонит айтты, орындады, нағыз азамат екен”, – деп жазды көпшілік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →