Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды •

    АҚШ елшілігі қазақстандықтар үшін маңызды мәлімдеме жасады

    АҚШ елшілігі қазақстандықтар үшін маңызды мәлімдеме жасады

    АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі визалық әңгімелесуге жазылу туралы хабарлама жариялады.

    Фото: canva.com

    2 мамырдан бастап, Астана және Алматы қалаларындағы консулдық бөлімдер виза сұхбатына жазылу рәсімін сұхбат күніне үш жұмыс күні қалғанда сағат 17:00-де жабады.

    Мәселен, егер сұхбат 2 мамырға белгіленсе, DS-160 өтінішіндегі барлық мәлімет 28 сәуір сағат 17:00-ге дейін толық толтырылып, жіберілуі тиіс.  

    DS-160 өтініші бойынша растама хатыңыздағы штрих-код нөмірі (AA00 деп басталады) мен сұхбатқа жазылу жүйесіне енгізілген DS-160 штрих-код нөмірі бірдей болуы керек.

    – Сұхбатқа жазылу жүйесіндегі штрих-код нөмірінде қате жоқтығына көз жеткізіңіз. Жиі кездесетін қателердің бірі – «0» санының орнына «O» әрпін пайдалану. Дұрыс штрих-кодтар әрқашан AA00-ден басталады және мұндағы 0 сан ретінде жазылады, – делінген хабарламада.

    DS-160 өтінішіңізде көрсеткен сұхбат орны (қала) мен сұхбаттан өту үшін таңдаған орын (қала) бірдей болуы керек.

    – Егер сіздің DS-160 формаңызда «Өтінішіңізді тапсыратын орын» деп Алматы көрсетілсе, бірақ сіз сұхбатқа Астанаға жазылған болсаңыз, сіз жаңа DS-160 өтінішін толтырып, сұхбатқа үш жұмыс күні қалғанға дейін штрих-код нөмірін жүйеде жаңартуыңыз қажет, – делінген елшілік хабарламасында. 

    Егер сіз жазылып қойған сұхбатыңызға келмей қалған болсаңыз, сізді «келмеген (no show)» деп белгілейді және сіз DS-160 өтінішін жаңадан толтыруыңыз керек.

    Қайтадан толтырылған DS-160 өтінішінің штрих-код нөмірін сұхбат күніне кем дегенде үш жұмыс күн бұрын жазылу жүйесінде жаңартуыңыз қажет.

    Сіздің DS-160 өтінішіңіз толтырылып, жіберілген болуы тиіс.

    Өтініш берушілердің көбі DS-160 өтінішін сұхбатқа бір күн қалғанға дейін толық аяқтамай, созып жүреді. Егер сіз әлі DS-160 өтінішін толтыруды аяқтамасаңыз, онда сұхбатқа кемінде үш жұмыс күні қалғанға дейін тез арада толтырып шығуыңыз керек.

    Егер сіздің DS-160 өтінішіңіз осы талаптарға сай келмесе, сіз тіркеліп қойған сұхбат күні мен уақыты жойылады, сізді сұхбатқа «келмеді» деп белгілейді және сұхбатқа қайтадан жазылуыңыз керек болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →