Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Астанада белгісіз біреу жасөспірімдерді қорқытып, қуған

    Астанада белгісіз біреу жасөспірімдерді қорқытып, қуған

    Астана қаласында қолына пышаққа ұқсас үшкір зат ұстаған ер адам жасөспірімдерді қорқытқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

    Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткір затпен қаруланған ашулы ер адамнан жасөспірімдерді құтқарып қалды.

    Фото: depositphotos

    Оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында болған. Сол кезде әскери жасақтың бастығы қатардағы Абзал Ерғали, патрульдеушілер қатардағы Әлихан Аман және Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.

    Шамамен сағат 21:00-де жасөспірімдер ұландықтарға жүгінген. Олардың айтуынша, жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.

    Ұландықтар оқиға туралы әскери жасақтар бойынша кезекші аға сержант Бекжан Дәулетбайға дереу хабар берді. Әскери қызметшілер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.

    «Жасөспірімдердің қатты қорқып қалғанын және оларға көмек қажет екенін көрдік. Уақытымыз тығыз еді. Ер адам агрессивті әрекет жасап, өткір затпен қолын сермеп, қорқыту сөздер айтып жатты. Біз нұсқаулыққа сәйкес әрекет еттік: оның назарын басқа жаққа аударып, қаруын тартып алып, залалсыздандырдық», – деді қатардағы Абзал Ерғали.

    Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →