Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі әйелді ұрып-соққан»: Данияр Елеусіновтің әйеліне сот үкімі шықты Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді «Аздап таяққа сүйеніп жүрген кезі»: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы жазды Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Екі әйелді ұрып-соққан»: Данияр Елеусіновтің әйеліне сот үкімі шықты Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді «Аздап таяққа сүйеніп жүрген кезі»: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы жазды Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

    Блогер Мұрат Әбділдә тағы да қамауға алынды

    Блогер Мұрат Әбділдә тағы да қамауға алынды

    Бүгін Түркістан қаласының ауданаралық сотында Сауран аудандық полиция бөлімінде блогер Мұрат Әбділдәға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасын орындауға жолдау жөніндегі ұсынысы қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 23.08.2024 жылғы қаулысына сәйкес азамат М.Абдиллаевқа сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00 аралығында  үйінде болуға міндеттелген. Дегенмен азамат М.Абдиллаев сот жүктеген міндеттерді өз дәрежесінде орындамаған.

    Атап айтқанда, учаскелік полиция қызметкері 17.03.2025ж. түнгі уақытта Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайын тексеруге барған уақытта үйінде болмаған. Сот процессі барысында полиция бөлімінің жүйелі бұзушылықтар туралы дәлелдері расталды.

    Айта кетейік, блогер Мұрат Әбділдә әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөйлегені үшін 2022 жылдың 31 наурызында Қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 бөлігімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылы 9 қыркүйек күні шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →