Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды

    Депутат Роза Рымбаеваның құқығы тапталып жатқанын мәлімдеді

    Депутат Роза Рымбаеваның құқығы тапталып жатқанын мәлімдеді
    Фото: instagram.com/rozarymbaeva

    Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков еліміздегі авторлық құқық саласындағы заңнамада елеулі олқылық барын көтеріп, белгілі әнші Роза Рымбаеваның мысалын келтірді. Бұл туралы депутат Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Құсбековтың айтуынша, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 16-бабына сәйкес, авторлар мен құқық иеленушілер туындыларын пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқылы. Алайда, қазіргі заңнамада ретрансляция кезінде авторлар мен орындаушылардың мүліктік құқықтарына қатысты ешқандай төлем көзделмеген.

    «Мысалы, Роза Рымбаеваның әндері телеарналар мен радиоларда жиі шырқалады. Бірақ қазіргі заң бойынша, оларды ретрансляциялау үшін ешқандай сыйақы төленбейді. Бұл – әншінің заңды құқықтарының бұзылуы», – деді депутат.

    Министр Ерлан Сәрсембаев бұл пікірмен келісіп, қолданыстағы заңнамада ретрансляция теле-радиоарналардың мүліктік құқығы ретінде қарастырылатынын түсіндірді.

    «Иә, сіз дұрыс айтасыз. Заңның 16-бабында нақты солай жазылған. Қазір әзірленіп жатқан заң жобасы бұл мәселені тек вещательдік ұйымдардың құқықтары шеңберінде реттейді. Ал орындаушылардың құқықтары бұған кірмейді және олар бұзылып жатқан жоқ», – деді Әділет министрі.

    Осылайша, әншілер мен авторлардың туындылары эфирде кеңінен қолданылып жатса да, оларға сыйақы төлеуге қатысты құқықтық негіз әлі толық реттелмеген болып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →