Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Бала тапқандікі емес, баққандікі»: Тұрсынбектің тоқалы жазбасымен жұрттың ашуына тиді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың доллар шығармақ болған шетелдік ұсталды Құны 8,5 млрд теңге:«Қазақмыс» өзіне қатысы бар өңірлерде заманауи спорттық инфрақұрылымдарды дамытпақ Қарағандылық спортшы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді Астанада MMA спортшысына қатысты іс қозғалды «Бала тапқандікі емес, баққандікі»: Тұрсынбектің тоқалы жазбасымен жұрттың ашуына тиді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың доллар шығармақ болған шетелдік ұсталды Құны 8,5 млрд теңге:«Қазақмыс» өзіне қатысы бар өңірлерде заманауи спорттық инфрақұрылымдарды дамытпақ Қарағандылық спортшы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді Астанада MMA спортшысына қатысты іс қозғалды

Президент: «Бізге басқаның ақпараттық соғысы керек емес»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында елдің ішкі тұтастығы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты құзырлы органдардың назарында болатынын еске салды.

«Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы бір бауырлас азаматтармыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент этносаралық және тіл мәселесіндегі арандату әрекеттеріне заңмен қатаң тыйым салынғанын еске салды.

«Этносаралық, тілдік және әлеуметтік сипаттағы кез келген арандату әрекетінің жолы заң аясында қатаң кесіледі. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше назарда ұстап, заң бойынша әрекет етеді. Әр азамат өз сөзі мен әрекетіне жауапкершілік сезінуі керек. Эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке бой алдыруға болмайды. Бөтен ақпараттық соғыстар мен идеологиялық даулар бізге қажет емес», — деді Президент.

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика