Түркиядағы дүрбелең: қамаудағы Стамбул мэрін қолдаған жүздеген мың тұрғын Анарада шеруге шықты
epa11974390 Supporters of Istanbul Mayor Ekrem Imamoglu shout slogans and wave flags as they rally in front of the Istanbul Municipality headquarters following the Istanbul Municipality's arrest of Imamoglu in Istanbul, Turkey, 19 March 2025. Turkish authorities detained Istanbul mayor Ekrem Imamoglu, of the oppositional Republican People's Party (CHP), along with 100 others on 19 March as part of an investigation into alleged corruption and terror links, according to a statement by the Istanbul chief public prosecutor. EPA/TOLGA BOZOGLU
Түркия астанасы Анкарада ұсталған Стамбул мэрі Экрем Имамоғлыны қолдауға арналған наразылық акциясы өтіп жатыр. Жалау ұстап, ұрандатқан жүздеген мың адам Анкара көшелеріне шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оған ірі оппозициялық Халықтық-республикалық партияның (ХРП ) жақтастары, зиялы қауым өкілдері, белсенділер мен құқық қорғаушылар қатысады. Олар орталықтағы Қызылай ауданынан парламент ғимаратына қарай жылжып, заңның үстемдігі туралы ұрандар айтумен болды.
Стамбул мэрі Экрем Имамоғлы сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен және пара берумен айналысқан қылмыскер ретінде ұсталды. Шындығында, ол қазіргі президент Эрдоганға қарсы жалғыз және басты қарсылас саналады. Қамаудағы саясаткер биліктің қысымына бола берілуге ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
