Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды

    АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында ер адам бірдей сандық комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар (111,8 млн теңге) ұтып алды.

    АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды

    Сурет: turkystan.kz

    Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік Каролина штатында тұратын ер адам лотереядан ерекше тәсілмен қомақты жүлдеге қол жеткізді. Ол бірдей сандық комбинациямен 50 билет сатып алып, нәтижесінде барлық билет бойынша жеңіске жеткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    UPI мәліметінше, ер адам бірден 50 бірдей билет сатып алуға ішкі түйсігі себеп болғанын айтқан.

    «Өзімді жолы болғыш адамдай сезіндім», – деді ол.

    Нәтижесінде оның таңдаған комбинациясы ұтысты болып шығып, 50 билеттің әрқайсысы жүлде әкелген. Жалпы ұтыс сомасы 250 мың долларды, яғни шамамен 111,8 миллион теңгені құрады.

    Ер адам барлық билетке бір ғана сандық комбинацияны қойған. Сол комбинацияның сәтті түсуі арқасында ол бір сәтте 50 рет жеңімпаз атанған.

    Алайда қомақты жүлдеге қарамастан, ер адам дәл осы сандарды енді қайта қолдануды жоспарламайтынын айтқан. Оның сөзінше, бір рет жолы болғанымен, дәл сондай жағдайдың тағы қайталанатынына сенбейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →