Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды •

    Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады

    Астанадағы өртте үш баланың қаза болуына қатысты тергеу аяқталды. ТЖМ өкілі өрттің себебі балалардың ойын әрекеті екенін және қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді.

    Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады

    Фото: ИА «NewTimes.kz»

    Астанада үш баланың өртте қаза болуына байланысты тергеу аяқталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, өрттің шығу себебі — балалардың ойын әрекеті. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Өрттің себебі – балалардың ойын әрекеті. От іштен шыққан. Қазір бұл бойынша қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 335-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы мен әрекетінің жоқтығына байланысты тоқтатылды», — деді Руслан Қайрақбаев.

    Айта кетейік, қайғылы оқиға Астанада 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған. Өрт 15-қабаттағы пәтерде басталып, тез тараған. Кіреберіс түтінге толып, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері келген. Куәгерлердің айтуынша, арнайы техниканың жүруіне тұрақта тұрған көлік кедергі келтіріп, өрт сөндірушілер уақыт жоғалтқан.

    Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үш баланың денесін тапқан – 13, 8 және 2 жастағы балалар. Олардың анасын құтқарып, ауыр күйіктермен ауруханаға жеткізген.

    Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тұрақта тұрған көліктің жүргізушісіне айыппұл салынған. 14 сәуірде Астанада өртте қаза болған балалармен қоштасу рәсімі өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →