Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты •

    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады

    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады. Бағасы 10 млн доллардан асуы мүмкін. Сондай-ақ ақ қолғап пен лоферлер сатылады.

    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады

    Сурет: inbusiness.kz

    Майкл Джексонның «Thriller» бейнеклипінде киген қызыл күртешесі аукционға шығарылады. Бастапқы бағасы 10 миллион доллардан асуы мүмкін деп күтілуде.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл күртеше сауда-саттықтың басты лотына айналмақ. Оның құнын ерекше арттыратын нәрсе — әншінің өз қолымен қалдырған жазулары: ішкі жағында Буш пен Денниске арнау жазылған, ал жеңінде Джексонның қолтаңбасы бар.

    Аты аңызға айналған бейнеклипті түсіру үшін осындай екі күртеше тігілген. Бірінші данасы 2011 жылы 1,8 миллион долларға сатылған. Оны америкалық кәсіпкер Милтон Веррет сатып алған.

    Аукционда күртешемен қатар әншінің маржандармен безендірілген ақ қолғабы, сондай-ақ 1983 жылы «Motown 25» бағдарламасында әйгілі «ай серуенін» орындаған лоферлері де қойылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →