Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды
Қостанай облысында алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды. Тараптар келісімге келіп, ақша ай сайын 50 мың теңгеден өтелетін болды.
Фото: magnific.com
Қостанай облысында алаяқтардың құрбаны болған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы өндіріп алды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші мобильді қосымша арқылы бөтен адамның есепшотына 1 миллион теңге аударған.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, азамат жәбірленуші ретінде танылған. Кейін ол шығынын өтеу үшін сотқа жүгінген. Сот отырысында тараптар судьяның көмегімен келісімге келді.
Келісім шарты бойынша, ақшаны алған адам 1 миллион теңгені ай сайын 50 мың теңгеден иесіне қайтарып отыратын болды. Сот келісімді бекітіп, істі тоқтатты.
Сонымен қатар Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған.
