Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды

    Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды

    Дүниежүзіне әйгілі әнші Шакираның 18 қазанда Қырғызстанда өтетін концертіне әлемнің 28 мемлекетінің азаматтары билет сатып алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл өнер көрсету әлемдік жұлдыздың Орталық Азиядағы тұңғыш концерті болмақ.  Аталмыш тарихи шара туралы Қырғызстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы Каныбек Туманбаев мәлімдеген болатын. Кейін бұл дата әншінің ресми веб-сайтындағы тур кестесіне де ресми түрде енгізілді.

    Концерт әншінің жаһандық «Las Mujeres Ya No Lloran World Tour» атты ауқымды әлемдік турнесі аясында ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар шоудың күрделі сахналық қойылымымен, хореографиясымен және визуалды әсерлерімен ерекше өтетінін уәде етіп отыр.

    Қырғызстанның ең ірі «Bishkek Arena» стадионында аталмыш ауқымды шараға дайындық шеңберінде техникалық жұмыстар басталып кетті. Қазіргі уақытта мамандар сахна құрылымдарын монтаждау және алаңды шоуға дайындау үстінде.

    Сонымен қатар, Қырғызстан мен Қазақстанның туристік компаниялары концертке билет, трансфер мен қонақүйде орналасуды қамтитын дайын турпакеттерді сатуды ұйымдастыруда.  Ұйымдастырушылар көрермендерге билеттерді тек ресми платформалар мен тексерілген операторлар арқылы ғана сатып алуға кеңес береді.

    коллаж 24KZ

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →