Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды •

    Президент: «Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына, бюджет қаржысын қалтасына басқан»

    2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияның тең жартысы субсидия аламын деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    «2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия аламын деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына, бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны», — деді Тоқаев.

    Президенттің айтуынша, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес.

    «Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр», — деді Тоқаев.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →