Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді •

    Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

    Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

    Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Әсет Масабаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    «Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтардан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

    Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ-ның электромонтеры болып бастаған. Әр жылдары «Наз» ЖШС-ның бас энергетигі, «Алмаз және КЮС» ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2024 жылғы 16 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін ULKEN GROUP LTD жеке компаниясының басқарушы директоры болған.

    Фото: Алматы облысының әкімдігі 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →