Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО) Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО) Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды

    Ақмола облысында жол апатынан аман қалған жүргізушіні сол жерде басқа көлік қағып өлтірді

    Ақмола облысында жол апатынан аман қалған жүргізушіні сол жерде басқа көлік қағып өлтірді

    Фото: gov.kz

    Акмола облысында жол апатынан аман қалған жүргізушіні басқа көлік қағып мерт қылды. Трагедия жол бойына шыққан кезде орын алған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Қайғылы оқиға 30 желтоқсанда Екатеринбург – Алматы тас жолында, Ақмешіт ауылының маңында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен», — делінген хабарламада.

    Осыдан кейін жүргізуші жолаушымен бірге көлікті тексеру үшін сыртқа шыққан. Сол сәтте сол бағытта келе жатқан «Тойота Эстима» автокөлігінің иесі жолдан шығып кетіп, 53 жастағы «Газель» жүргізушісін қағып кеткен.

    «Ауыр жарақаттардан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, жеңіл автокөліктегі үш жолаушыны жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізді», – деп хабарлады полиция өкілдері.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →