Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы • Жолдау-2026: Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын айтты • «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады • «Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді? • Бюджеттің ақшасы көкке ұшты ма? Семейдегі сапасыз балалар алаңшасы елдің ашуын тудырды  • Ертіске лас су ағып жатыр: Семейдегі экологиялық дабыл  • Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы • Жолдау-2026: Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын айтты • «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады • «Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді? • Бюджеттің ақшасы көкке ұшты ма? Семейдегі сапасыз балалар алаңшасы елдің ашуын тудырды  • Ертіске лас су ағып жатыр: Семейдегі экологиялық дабыл  •

    Қор нарығында доллар қымбаттады

    Қор нарығында доллар қымбаттады

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 515,25 теңге.

    Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523,5 теңге. Еуро 536 — 544 теңге аралығында құбылып тұр.

    Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

    Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,15 — 5,19 аралығында саудаланып жатыр.

    Ұлттық банктің 26 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 514,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 536,04.

    Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.

    Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →