Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент жаһандық сын-қатерлер жағдайында қоғамды бірлікке шақырды • Тоқаев ауруханалар мен перзентханалар құрылысын жеделдетуді тапсырды • Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы • Жолдау-2026: Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын айтты • «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады • «Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді? • Президент жаһандық сын-қатерлер жағдайында қоғамды бірлікке шақырды • Тоқаев ауруханалар мен перзентханалар құрылысын жеделдетуді тапсырды • Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы • Жолдау-2026: Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын айтты • «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады • «Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді? •

    Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы

    Мемлекет басшысы ауыл-аймақтарды дамытуды бақылауда ұстайтынын, қуатты қалалар күшті мемлекеттің негізі екенін және әр ірі қаланың даму жоспары болу керектігін айтты.

    Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы

    Мемлекет басшысы ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін үнемі ерекше бақылауда ұстайтынын айтты. Ол ауыл тұрғындарының лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сонымен қатар Президент экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн деп санайды.

    Оның пікірінше, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс.

    Бұдан бөлек, қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс.

    Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап.

    Егер қала қарқынды дамитын болса, сол өңірдің экономикасы да өркендейді, адами әлеуеті де артады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →